Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бекзат Омарды жеңсе, өзін чемпион ретінде санауына болады": Нұрмағамедовтың бапкері Бекзатқа қарсы жекпе-жек туралы пікір білдірді

Жеңілістің дәмін татпаған Нұрмағамедовтердің бапкері Хавьер Мендес шәкірті Омардың Бекзатқа қарсы жекпе-жегі туралы ойымен бөлісті.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Хавьер Мендес Омарға қарсы ешкім жекпе-жекке шыққысы келмегендіктен, дебютант Бекзат Алмаханмен жұдырықтасуға мәжбүр болғанын айтты.

“Бекзат туралы естігеніміз бар. Оның UAE Warriors тұжырымында төбелескенін көргенмін. Тік тұрып ұрыста да, партерде де мықты өнер көрсететін спортшы. Әр жекпе-жекке жоспар құрып, ақылмен жұдырықтасады. Оның басты кемшілігі UFC лигасында өткізген жекпе-жегінің жоқтығында. Ол рейтингте жоқ болса да, тәжірибелі, өте мықты жауынгерлердің қатарына кіреді. Әрине, рейтингте алғашқы бестікте тұрған спортшылармен шыққымыз келген еді. Бірақ Омармен ешкім шыққысы келмейді. Бекзат үшін де бұл аса тиімді жекпе-жек емес. Өйткені бәрі Омарды болашақ чемпион ретінде көреді. Бекзат үлкен тәуекелге барып жатыр. Егер Омарды жеңсе, өзін чемпион ретінде санауына да болады. Бірақ оның менеджерінің орнында болсам, Омарға қарсы шығармас едім. Әрине, олар Бекзаттың жеңісіне сенімді болған соң, осындай тәуекелге барды. Бірақ шаршы алаңға кіргенде бәрі басқаша болатынын анық білем”– деді Нұрмағамедовтардың бапкері.



Айта кетейік, Бекзат Алмахан 3 наурыз күні өтетін UFC Vegas 87 турнирінде жеңілістің дәмін татпаған Омар Нұрмағамедовке қарсы жұдырықтасады.  

Талқылау