Бекзат Алмахан атақты Нұрмағамедовке қарсы жекпе-жек өткізу үшін АҚШ-қа аттанды
Бекзат Алмахан әлемге әйгілі UFC тұжырымында Омар Нұрмағамедовке қарсы дебюттік жекпе-жегін өткізу үшін АҚШ-қа аттанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram/bekzatalmahan
Әлемнің ең үздік тұжырымындағы алғашқы жекпе-жегінде-ақ азулы қарсыласқа қарсы өнер көрсететін Бекзат Алмахан АҚШ-қа аттанды. Ол 3 наурыз күні өтетін UFC Vegas 87 турнирінде жеңілістің дәмін татпаған Омар Нұрмағамедовке қарсы жұдырықтасады. Бекзат бұл жекпе-жекке визасының жақында ғана шығуына байланысты кеш аттанды. Дегенмен оның қазіргі салмағы – 64,5 келі. Ал қос спортшы 61 келі салмақта сынға түсетінін ескерсек, отандасымыз аса көп салмақ қумайды.
Бекзат Алмахан: Омардың атақ-даңқынан еш қаймықпаймыз
Айта кетейік, UFC рейтингінде 13-орында тұрған Омар Нұрмағамедов 16 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетсе, Бекзат 18 жекпе-жектің 17-інде жеңімпаз атанған.
"Сотқа дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді

