Бекшин Арбаттың қашан ашылатынын айтты
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Арбаттың қашан ашылатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Арбат толығымен жабылмаған. Көше бойындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолдар ашық. Халық шағымдана бастады, жағдай бақылаудан шығып кетті. Жастар жаппай қонаққа бара бастады", - деді Бекшин.
Бекшин қала "қызыл" аймақта болғандықтан, Арбатты жабу туралы шешім қабылдауға мәжбүр болғанын айтты.
"Инфекцияның таралуы жағдайларын тоқтату үшін біз Арбатты жауып тастадық. Арбатта адам өте көп жиналады. Бұл тұрғындардың өміріне қауіп төндірді. Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғаннан кейін, Арбатты ашатын боламыз”, – дейді Бекшин.
Бекшин қаладағы саябақтар мен скверлер ашық екенін ескертті.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда