Бекшин Алматыдағы "барахолкада" COVID-19 жұқтыру мүмкіндігі туралы айтты
Алматының бас санитар дәрігері "барахолкада" COVID-19 коронавирусын жұқтыру мүмкіндігі аз деп санайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ал қаланың бас санитар дәрігері бұл нысандарды тексергенін айтты.
"Барахолка - бұл жұмыс істеуге рұқсаты бар нысан. Біз базарларға келушілердің көп екенін түсінеміз. Бірақ оларды тексерген жоқпыз деу қате. Осыдан бір жарым ай бұрын базарларда орналасқан нысандарға миллион теңге айыппұл салынды", - деді ол.
"Бірақ барахолкада немесе базарларда көп кідірмейміз: сатып аламыз - кетеміз. Ал қоғамдық тамақтану объектілерінде, түнгі клубтарда бес-алты сағат тығыз қарым-қатынаста боламыз. Бұл жабық жерлерде болады. Біздің талдауымыз көрсеткендей, көп жағдайда (37 пайыз) ауру жабық жерлерде таралады", - деп жауап берді Бекшин.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді