Бекшин: 200-ге жуық сәби коронавирустың үнді штаммын жұқтырған
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың жаңа штаммына шалдыққан науқастарда ауру қалай боп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Науқастардың жағдайы вирус жұқтырғаннан кейін үшінші немесе бесінші күндерінде ауырлайды. Бұрын біз оныншы, он төртінші күндері аурудың асқынуын байқайтын едік, енді вирус жұқтырғандардың жағдайы үшінші күннен-ақ ауырлап жатыр”, – дейді ол.
Ол аурудың тез дамуы ауыр жағдайлар қатарының артуына ықпал еткенін айтты.
"Жүрек пен бүйрек жеткіліксіздігі тез басталады. Жас адамдар ауруды жұқтырады, тіпті бір жасқа дейінгі балалар да зардап шегеді. Осыған дейін шамамен 200-ге жуық сәби ауырды", – деді Бекшин.
Ол жас аналарды адамдар көп жиналатын жерлерде, соның ішінде ойын алаңдарында көршілерімен мүмкіндігінше аз байланысуға шақырды.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі