Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бекболат Тілеухан Сирияға қару сатты деп айыпталды: Депутат құзыретті органдарға арыз түсірді

Әлеуметтік желілерде депутат Бекболат Тілеуханның Сирияға қару сатуға қатысы бар деген видео пайда болды. Мәжіліс депутаты өзіне жала жабылғанын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

бекболат

Күні кеше мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның Сирияға қару-жарақ сатуға қатысы бар деп мәлімдеген видео пайда болды.

"Мен туралы жалған ақпарат бар видео таратылып жатыр. Видеода менің және ұйымдасқан қылмысқа қатысы бар басқа адамдардың аты-жөні көрсетілген. Мен ұлттық қауіпсіздік комитетіне, ішкі істер министрлігіне тергеу жүргізу, жалған мәліметтер жариялаған адамды табу және оны заңның барлық қатаңдығы бойынша жазалау туралы шағым бердім", - деп түсіндірді Бекболат Тілеухан.

Депутаттың сөзінше видео - "қисынға келмейтін" дүние.

 

"Құзыретті органдардан мүліктік залал келтіріп, беделіме нұқсан келтірген роликтегі барлық адамды әділ жазалауын сұраймын", - деді ол.

"Қараша айынан бастап, нақтырақ қазан айында мен бір құрылымдағы қызметкерлермен шаруа бастадым. ҰҚК-де, Астанада, департаментте жұмыс істейтін адам. Біз техниканы шығардық, тағы бір әскери адам бар. Өз ақшама әскери техниканы сатып алдым. Мені Бекболат қол астына алды ... тегін айтудың қажеті жоқ шығар. Тілеуханов. Ол ҰҚК-де жұмыс істемейді, википедияны ашыңыз, қайда істейтінін көресіз. Ол бүгін келеді, ақша осында жатыр, ол келеді, ертең біз ақша аламыз", - деді видеодағы ер адам.


 

Беболат Тілеухан желіде тараған видеоны жақсы қойылған спектакль деп атады.

 

 

Талқылау