Бекболат Тілеухан: Өлсек өлерміз, мен дайынмын (видео)
Қоғам қайраткері, депутат Бекболат Тілеуханов коронавирустың екінші толқыны жайлы пікірін айтты. Бұған дейін коронавируспен ауырған депутат індеттің екінші толқынына толық дайынмын дейді.

Бұл туралы Тілеуханов Azattyq.TV тілшісіне берген жауабында айтты.
Бекболат Тілеуханов "коронавирустың екінші толқынына дайынсыз ба?" деген сұраққа жауап берді.
"Мен дайынмын. Үкімет үшін емес, өзім үшін жауап берейін. Коронавирустың екінші толқынына мен дайынмын. Өлсек өлерміз, тірі қалсақ тірі қалармыз. Құдайдың жазғаны болады. Дайын болғанда маска тағып жүрсең, тыныш жүрсең, ұйқың қанық болса, басқа не керек?", - деді Тілеуханов.
Айта кетейік, коронавирустың бірінші толқынында бірнеше шенеунік осы індетпен ауырды. Олардың қатарында Бекболат Тілеухан да бар. Депутаттың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды.
Имам Қабылбек Әліпбайұлы: Дарын Мүбаровтың басқа ағымда екенін бетіне айта аламын
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”