Bek Air ұйымына қарсы тағы шағым түсті
Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті Bek Air әуекомпаниясына қарсы шағым түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді.
Bek Air-ге қарсы шағым Алматы қаласының Түркісіб аудандық сотына түсіпті.
Қазіргі таңда тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне ұйымға қарсы 420 адамнан шағым жолданған.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Bek Air компаниясын осымен екінші рет сотқа беріп отыр.
Еске салайық, бұған дейін авиация комитеті тексеріс нәтижелерімен бөліскен еді. Олардың мәліметінше, Bek Air ұшқыштары сертификаттарды өздері жасап алған.
"Оңай" ресейлік төлем жүйесімен байланысы бар деген күдікке ілінді: Пайдаланушылар дербес деректерінің қауіпсіздігіне алаңдады
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Шымкенттік әйел өзін күйеуі мен енесі ұрып-соғып, екі баласымен үйден қуып жібергенін айтты
Қазір әйел екі баласымен әпкесінің үйін паналап отыр