Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Beeline “250+” жобасы бойынша жүзеге асырып жатқан шаралар жайлы айтты

2020 жылы Beeline ұйымы өз қаражатына 400 000 тұрғыны бар 500 елді мекенде желі орнатты. Оператор "250+" жобасы бойынша да, халықты байланыспен қамтуға бағытталған жеке жоспары бойынша да жұмыстар жүргізді. 

Билайн

Beeline ұйымының байланыс мұнара

Екі жүзден астам ауыл тұрғындары жерсерікті байланыс жүйесіне жалғанған және тұрақты кең жолақты желіге (FWA) қол жеткізді. Тағы 300-інде 3G және 4G жүйесі орнатылды. 

"Біз 2021 жылы "250+" бағдарламасы бойынша елді мекендерді 3G/4G  жоғары жылдамдықты мобильді интернет пен сапалы жерсерікті байланыспен қамтамасыз етеміз. Бұл мемлекеттің қолдауының арқасында жүзеге асырылып отыр: 2020 жылы желтоқсанда жаңа салықтық жеңілдіктер туралы заң. қабылданып,  операторлар еліміздің барлық аймағы бойынша желіні жаңартуға мүмкіндік алды. Мәселен, FWA байланысы орнатылған 125 ауылды біз толығымен 3G және 4G желілеріне қосамыз", - деді  Beeline Қазақстан ұйымының техникалық директоры Олег Снимщиков.

билайн

Алматы облысындағы Beeline ұйымының балансы мұнаралары

"2020 жылы желі орнатылған 54 ауылда бұған дейін мүлдем байланыс та, интернет те болмаған. Яғни, тұрғындар әлеуметтік желі мен мессенджерлер былай тұрсын, телефон арқылы жақындарына, тіпті, дәрігерлерге хабарласа алмайтын. Әсіресе, бұл мәселенің өзектілігі пандемия кезінде байқалды. Осыны түсіне тұра, Beeline ұйымы "250+" жобасы бойынша жұмыстарды күшейтіп, 2020 жылы желіні өз қаражатына орнатты. Біз байланыспен қамтылған халықтың өмірі біршама жақсарғанын көріп қуанудамыз. Өйткені тұрғындар мемлекеттік қызметтерге, телемедицинаға, онлайн-банкинг, ең бастысы, кез келген уақытта байланысқа шыға алады", -  Олег Снимщиков

Оның сөзінше, компания 14 облыстың алыста орналасқан елді мекендердегі интернеттің қуаттылығын арттыруды жоспарлап отыр. Бұл ауыл тұрғындарына көбірек интернет-трафик қолдануға мүмкіндік беретін болады. Оған қоса, оператордың тағы бір жоспары - интернет ешқандай кедергісіз, жоғарғы спада жұмыс істейтін сапалы трансмиссияға өту.

Айта кетейік, Beeline Қазақстандағы 9,7 млн абонентке қызмет көрсетеді және еліміздегі ең ірі 30 салық төлеушілердің қатарына енеді. 

Талқылау