Байжанов пен Бишімбаевтың тергеу изоляторындағы кездесуінде бұрын сотталған вице-министр Тоқтабаев та болған
Бақытжан Байжанов оқыс оқиғадан кейін мекеме дәлізінде өткен түрмедегі заңсыз кездесуге қоғам қайраткері Бауыржан Мусиннен басқа бұрын лауазымдық өкілетін теріс пайдаланғаны үшін 7 жылға сотталған бұрынғы вице-министр Тимур Тоқтабаев та қатысқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі
Прокурор сотта сотталушыдан қоғам белсендісі Бауыржан Мусинмен болған кездесудің егжей-тегжейін нақтылауды сұрады. Ол Бишімбаевтың тапсырмасымен Байжановты Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша белгілі бір айғақтарды айтуға көндіруге тырысқан.
Айыпталушы кездесуге бұрын сотталған вице-министр Тоқтабаев та қатысқанын нақтылады. Кездесуге келген қатысушылардың ешқайсысының қолында кісен болмаған және мекеме қызметкерлерінің қадағалауынсыз өткен.
Сондай-ақ сотталғандар мен тергелгендерге сағат 22.00-ден кейін бұл жерде жүруге тыйым салынды.
Байжановтың адвокаты одан “Бауыржан Мусин – азаматтардың құқығын қорғайтын қоғам белсендісі ме?” деп сұрады.
“Солай шығар, мен оның кім екенін білмеймін”, – деп жауап берді Байжанов.
Айта кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында әйелін өлтірді деп айыпталып отырған Бишімбаевқа қатысты сот ісі жалғасып жатыр. Бүгін екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов тергеу изоляторында оған Бишімбаевпен кездестіру ұйымдастырылмақ болғанын мәлімдеді.
Байжанов өзіне әлдебір Бауыржан Мусин есімді азамат келгенін айтты. Айыпталушының сөзінше, ол – қоғам белсендісі.