Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байжанов Бишімбаевтың Салтанатпен бірге тұрған тұрғын үй кешеніндегі видеоны өшіруді сұрағанын айтты

Әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Сотта екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов куәлік етіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

байжанов

Фото: Жоғарғы сот

Екінші айыпталушы Байжановтың сөзінше, Бишімбаев Салтанатпен бірге тұрған тұрғын үй кешенінің кіреберісіндегі видеоны да өшіруді сұраған. 

“Мейрамханадағы қайғылы оқиғадан 2-3 ай бұрын Бишімбаев Салтанатпен бірге тұратын Тұран 5/6 тұрғын үй кешенінен бейнежазбаны алып тастауымды өтінді. Менің ойымша, олардың арасында жанжал болды. Қуандық көршілердің оны көргенін немесе бейненің әлеуметтік желілерде тарағанын қаламады. Содан мен басқарушы компанияның кеңсесіне, Пәтер иелері кооперативі төрағасы Гүлнұрға бардым. Ол менің көз алдымда видеоны өшіріп тастады. Енді Пәтер иелері кооперативі төрағасы Гүлнұр менің өтінішім бойынша видеоны өшіргенін жоққа шығарып отыр. Ол бейнені өшірмеуі керек еді, бұл оның жұмысына зиянын тигізуі мүмкін”, – деді Байжанов. 

Айта кетейік, Бишімбаевтың інісі Байжанов қылмысты жасырып, хабарламады деген айыппен сотқа тартылып отыр. Ол BAU мейрамханасын 2022 жылдан басқарады екен. Ол Салтанаттың өлгелі жатқан күйде болғанын білмегенін және мән бермегенін айтады. Ол өз сөзінде, Салтанатпен қарым-қатынасы жақсы болғанын және марқұм өте сыпайы, сыйлы және тәрбиелі болғанын айтты. 

Сондай-ақ экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны және хабарламағаны үшін айыпталған.

Талқылау