Байзақова араласпай кеткен әкесімен татуласқанын айтып, көзіне жас алды
Атышулы блогер Айжан Байзақова 1,5 жыл көрмеген әкесімен татуласқанын айтты. Әкесіне бірінші болып хат жазып, кешірім сұраған ол кездесудің қалай өткенін әңгімелеп берді. Бұған дейін Айжан әкесінің түрмеде отырып шыққанын, содан бері ол кісімен араласпайтынын айтқан еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сөзінше, ол эмоционалды мінезімен әкесіне ұқсаған. Сондықтан да оларға тіл табысу қиын болып келген.
"Ол келгенде бірден жанына барып құшақтап алдым. Болған оқиғадан ештеңені талқылағым келмейтінін, бәрін басынан бастағым келетінін айттым. Әрине, алғашқыда әкеме ауыр тиді. Екеуміз бірге жыладық", - дейді Айжан. Ол әкесі жайлы айтып отырып, көзіне жас алып қалды.
Блогердің айтуынша, мінезі бірдей екі адамның тіл табысуы қиын. Мұндай жағдайда екеудің біреуі жол беруі керек, дейді ол.
"Жол беретін адам мен боламын", - деді Байзақова.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"