Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Байлық-дүние перде сияқты көзді жауып тастады": Бір ай бойы әлеуметтік желіден көрінбей кеткен Фариза Төреәлі оқырманмен қауышты

Танымал блогер, кәсіпкер Фариза Төреәлі бір айдан бері әлеуметтік желіге кірмегенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Желі жұлдызы 30 күн бойы немен айналысқанын айтып берді. 

“30 күн әлеуметтік желіден детокс, бір сәт тоқтап, бір сәт тек өз ішіңе үңіліп, амалдарыңды саналы аңғару, қайда жүріп бара жатқаныңды көру, руханилыққа мән беру, құндылықтарды қайта айқындау сапарынан соң сағына, сарғая сіздермен қауышқаныма қуаныштымын. Атақ-даңқ, абырой, дүние, дәреже адамның көзін перде сияқты жауып қояды екен. Солай біз өзіміздің шынайы қалпымызды ұмытамыз. Біз ең маңыздыны сол жолда жоғалтып алып жүрген жоқпыз ба екен?! Тәкәппарлық, нәпсіге берілу, жарысу, сенімнің жоқтығы, салыстыру, дауласуға берілу, өзгенің қатесін іздеп, оны тізіп, санап, еш пайда таппайды екенбіз. Тек өз ішіміздегі кірді тазартудың маңызын, әр ісім, әр ойым, әр сөзіміз үшін Алланың алдында біз қалай жауап береміз деген ойлар мазалап, болмашыға күйіп-пісіп жүргенімізге көзімізді ашқысы келеді...Бізді Раббымыз тәрбиелеп жатыр ғой", – деп жазды блогер. 



Сондай-ақ бос уақытында немен айналысқанын айтып, махаббатқа бөленгенін жасырмады. 

"Біздің жүрек қатайып кеткені сонша, ештеңені де көрмей, сезбей, түсінбей қалыппыз. Қатайған жүректе махаббатқа орын бар ма?! Аллаға жақындаймын деген адамның жүрегі жұп-жұмсақ болуы керек екен. Ал ол жүрек түрлі жолмен жұмсарады. Біреу ауыр дертке шалдығады, біреу жақынын жоғалтады, біреу ештеңесіз қалады. Ал бізді Алла жақсы көретіні сонша, ең жеңіл жолмен әкеле жатыр ғой. Кек, реніш, саудаласу, салғыласу, дәлеледеу ең ұлы сезім махаббатың жанында ең бос нәрселер емес пе? Біз – құмырамыз, құмыраның ішінде не бар, сондай нашар сезімдермен емес, тұла бойды махаббатқа толтырып өтсек екен. Парақшамды өшіруге сезімді салған да, сол уақыт аралығында қаншама дүниеге көкірек-көзімді ашқызып, басқаша көзбен қаратқызып қойған да Раббым.. Әлеуметтік желіні өшіріп уақыттың көптігін байқадым. Қанша уақыт оқылмай жүрген кітаптарды кемірдім, өмірімнің әр саласына көз жүгіртіп, ақсап тұрған жерлеріне көңіл бөліп жатырмын", – деді Фариза Төреәлі. 

Еске салайық, Фариза Төреәлі күйеуі Дархан Нортаевты туған күнімен ерекше құттықтап, Rolex сағатын сыйлаған еді. 

Талқылау