Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байқоңырда ер адам полицейге оқ жаудырды

Байқоңырда 29 жастағы қала тұрғыныны тәртіп сақшысына екі рет оқ атқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы “Байқоңыр” кешенінің прократурасы хабарлады. Белгілі болғандай, атыс қаруымен қаруланған тұрғын жергілікті дәмханаға келген. Онда ол полиция қызметкеріне екі рет оқ атқан. Дәмханада отырған басқа келушілер шабуылдаушыға тосқауыл жасап, атқан оғы далаға кеткен. Бірақ ол полиция қызметкерін жұрт алдында балағаттап үлгерген.

Ер адам қамауға алынды. Қазір ол Ресей Ішкі істер министрлігінің "Байқоңыр" кешеніндегі уақытша ұстау изоляторында отыр.

"Айыпталушының Қазақстан Республикасының азаматы болуына байланысты кешен прокуратурасы қылмыстық істі Қазақстанның құқық қорғау органдарына жіберді. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына сәйкес ауырлататын мән-жайларсыз жасалған адам өлтіру қылмысы үшін ең ауыр жаза он бес жыл бас бостандығынан айыру, ал мемлекеттік қызметкерді қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлағаны үшін қырық тәулікке қамауға алу болып табылады", - делінген "Байқоңыр" кешені прокуратурасының хабарламасында. 

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 25 Қаңтар, 2023 22:07
Талқылау