Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Байқаусызда пышақ тығып қойдым". Жанболат Ағаділдің өліміне күдікті жігіттің кешірім сұраған видеосы желіде тарады

Желіде белсенді Дулат Ағаділдің ұлы, марқұм Жанболат Ағаділдің өліміне күдікті ер адамның кешірім сұраған видеосы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Видеода болжам бойынша, Өміржан Рахмет есімді 1999 жылы туған жас жігіт түсірілген. Осыған дейін жігіттің суреттері мен түр-тұлғасы желіде таралған. 

Жігіттің сөздеріне қарағанда, видео 11 қарашада түсірілген.

"Мен Астанаға бір жыл бұрын жұмыс істеуге ата-анаммен бірге келдім. Кеше досым мені бір іс бойынша өзіммен еріп баруын өтінді. Келші деді. Ондай ниет болған жоқ, біреуді өлтіріп, ұрып қоямын деген", - дейді ол.

Нұр-Сұлтан қаласының ПД бұл видеоға қатысты түсіндірме бере алмайтынын айтты.

"Барған кезде төбелес басталды. Төбелес арасында пышақпен ұрып қойдым. Қазір мәлім болып отыр оның Ағаділ Жанболат екені. Мен ол балаларды танымаймын. Жауым емес, қасым емес. Байқаусызда қашып бара жатып тығып қойдым. Ағаділдің ата-анасынан, туыстарынан кешірім сұраймын. Алла разылығы үшін", - деді жігіт видеода.

Сәрсенбі, 12 қарашада өткен брифингте Қазақстан ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов 17 жастағы Жанболат Ағаділов көз жұмған төбелеске қатысушылардың барлығы анықталып, ұсталғанын хабарлады. Кісі өліміне кінәлі күдікті анықталды, оның кінәсі дәлелденді делінді.

Талқылау