Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанболат Ағаділдің өліміне қатысты тың деректер жарияланды

Онлайн-брифинг барысында тергеу департаментінің басшысы Санжар Әскенұлы Жанболат Ағаділдің өліміне қатысты жаңа деректермен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Белгілі болғандай, Жанболат Ағаділ төбелеске дейін басқа да келіспеушіліктерге қатысқан. 

"Осыған дейін айтқанымыздай ішкі істер министрлігі ағымдағы жылдың 10 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласы Көктал маңында төбелес болды. Нәтижесінде алынған пышақ жарақаттарынан 17 жастағы Жанболат Ағаділ көз жұмды. Тергеу тобы анықтағандай, төбелес Талапкер ауылының жасөспірімдерінің арасында болған", - дейді ол. 

Осылайша, Жанболат Ағаділ пышақ жарақаттарын алып, жедел-жәрдем келгенше көз жұмған.

"Жиырмаға тарта адам Ақмола облысы Целионград ауданы Талапкер ауылынан, Нұр-Сұлтан қаласы Кактал шағын ауданына келген.  Осыған дейін олардың арасында 6 қараша күні де қақтығыс болған. Бұл қақтығыс төбелеске ұласқан. Олардың арасында Жанболат Ағаділ болған. Ол пышақ жарақатын алып, жедел-жәрдем келгенше көз жұмды", - дейді Санжар Әскенұлы. 

Ізін суытпай төбелеске қатысқандар анықталды. Сонымен қатар, өлімге себепші болған үш адам қамауға алынып, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін тергеу жүргізіліп жатыр. 

Еске салсақ, осыған дейін Нұр-Сұлтанда марқұм Дулат Ағаділдің ұлын өлтіріп кеткені туралы белгілі болған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр