"Байға тигесін, май басқан бөксе болды": Мақпал Жүнісова "белің жоқ" дегендерге жауап берді
Халық әртісі Мақпал Жүнісова оқырмандарына дене бітімін көрсетті. Ән мен әнші бағдарламасында киген көйлегінің етегін түріп, мінсіз сұлулығын паш етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Құрметті халайық, маған жазып жатыр: “тамақ жемеңіз” деп. “Бел жоқ сізде” дейді, менің белім бар, неге жоқ?! Тор көйлектен көрінбей тұрса, етегімді көтерейін. Осы белге шүкір! Нағыз қыпша бел 17-27 жасыма дейін ғана болды. Сосын байға шыққасын, Зәкеңнің өтінішімен май басқан бөксе болды. Бар шындық осы. Енді тамақ жей беремін”, – деп ақталды.
Әншінің өнердегі әріптестері де сөзін қолдап, дене бітімінің мінсіз екенін айтып жатыр.
“Достар, апайдың көйлегі “oversize” стилінде болғасын дұрыс түсінбей тұрсыздар. Белі шығып, көйлегі әдемі жарасып тұр”, – дейді Мәдина Сәдуақасова. “Қыпша бел, қиғаш қас, қолаң шаш” деген теңеу сізге ғана айтылған. “Күлкісінің өзі бір ән” деп әншінің тыңдармандары жазып жатыр.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”