Байден Вашингтондағы тәртіпсіздіктер үшін Трампты кінәлады
АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Джозеф Байден Вашингтондағы толқуды бұрынғы президент Дональд Трамп қоздырғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап.

"Оларды наразылық акциясының қатысушылары деп атаған дұрыс емес. Олар көтерілісшілер, террористер", - дейді Байден.
Демократ бұл оқиғаны "наразылық емес, хаос" деп атады. Ол бұл мәселені басқаша шешуге болатынын айтты.
"Мен мұндай нәрсе күткен жоқпын. Бірақ бұлай жасамауға да болатын еді", - деп қосты Байден.
"Соңғы төрт жылда бізде демократиялық жүйені, конституцияны, заңның үстемдігін жек көретіндігін көрсеткен президент болды", - деп түсіндірді ол.
Демократтың пікірінше, Вашингтонда болған жағдайға АҚШ-тың қазіргі басшысының "демократия мен институттарға ашық шабуылдары" себеп болған.
Байденнің айтуынша, Трамп көпшілікті Капитолияға шабуыл жасауға, халықтың сайланған өкілдеріне қоқан-лоққы жасауға итермелеген.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"