Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байден “Украинаға басып кіру – бір адам таңдаған соғыс" деп есептейді

Байден Ресейді БҰҰ жарғысының негізгі принциптерін бұзды деп айыптады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

АҚШ президенті Джо Байден Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға басып кіруі “бір адам таңдаған соғыс” екенін мәлімдеді. Ол Ресейдің әрекеті БҰҰ жарғысын түбегейлі бұзу екенін атап өткен.

"Президент Путин Еуропаға ядролық қару қолданамыз деп қоқан-лоққы жасады және ядролық қаруды таратпау режимінің міндеттемелерін елеусіз қалдырды. Қазір Ресей соғысқа сарбаз тартуда. Оған қоса, Кремль Украинаның кейбір бөліктерін аннексиялауға әрекет жасау үшін жалған референдум ұйымдастырып жатыр. Бұл БҰҰ жарғысын бұзу", – деді Байден. 

Ол бұл тек бір адамның ойымен жүзеге асырылып жатқан соғыс екенін атап өтті.

“Ашығын айтқанда, бұл бір адам таңдаған соғыс. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі басып кіріп, егеменді мемлекетті картадан өшірмек болды”, – дейді Байден.

Талқылау