Баянауыл ұлттық паркі демалушыларға қауіпті қарақұрттардың көбеюіне байланысты ескерту жасалды
Баянауыл ұлттық табиғи паркінде қарақұрт көбейіп, адамдарға шабуылдауда. Мамандар демалушыларға сақтануға кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Павлодар-онлайн" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

"Баянауыл ұлттық табиғи паркінің мәліметінше, қарақұрт өрмекшілері әсіресе Торайғыр көлінің бойында екі шақырымнан астам жерде шоғырланған. Мамандар улы дернәсілдердің 62 аналығы мен 159 улы өрмекші түрі жиналған.
“Оның шағуы өте улы. Барлық демалушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде", - деп хабарлады ұлттық парк әкімшілігі.
Көлдің жанында мамандар күн сайын 20-дан астам аналық пен 80-ге дейін тұқымын кокон жинайды.
Ұлттық парк облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарақұрт шағуына қарсы дәрі-дәрмектің қорда болуы қажеттігі туралы хабарлады.
Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысында 6 адамды қарақұрт шағып жансақтау бөліміне түскен еді.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"