Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы сүйіктісін киноға түсірмек

Кез-келген жаннан жұлдыз жасап шығара аламын! Бұл Баян Мақсатқызының “Ғашық жүрек” фильмінде айтқан сөзі. Иә, расында да продюсерлік қызметтің қыр-сырын меңгерген экс-Есентаева қарапайым жанды халыққа танымал ете алады, деп жазады Stan.kz.

Қарап отырсаңыз, оның “қанатының астынан ұшып шыққан” қыздардың түгелі дерлік бүгінде шоу-бизнесте ойып тұрып орындарын тапқан. Қыздардан жұлдыз жасап болған атақты продюсер енді сүйіктісін кино әлеміне алып келмек ниетте.

Бұл туралы Баян Мақсатқызы желідегі парақшасында жазды. Айтуынша, ол бірнеше күннен бері Тұрсынғали Алагөзовті өзінің фильміне түсуге көндіре алмай жүр. Экс-Есентаева сүйіктісі келіссе, Алагөзовтің кинодағы дебютін эпизодтық рөлден бастамақшы.

“Екі күннен бері менің жаңа фильміме эпизодтық рөлге түсуін сұрап келемін, әзірге көнбей отыр”, – деп жазды Баян Мақсатқызы.

Жіберіп алмаңыз:

Әкесі Димашты қытай қызына “үйлендіріп қойғандарды” жауапқа тартуды талап етті

Дастан Оразбеков әріптесімен қарым-қатынасы туралы шындықты айтты

Баян Мақсатқызы экс-күйеуінің қаталдығы туралы бар шындықты айтты

Айдарбековтер әулеті жаңа құдаларды сән-салтанатпен қарсы алды (видео)

Талқылау