Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы: Ер адамды әйелге саусағының ұшын тигізе алмайтындай етуіміз керек

Танымал продюсер өз өмірі және табысқа кенелудің жолдары және әйелдер мен ерлердің тең құқылы болуы үшін күресіп жүргенімен бөлісті. Баян Алагөзова бұл туралы  танымал продюсер Tengrinews сайтының «The Эфир»бағдарламасына берген сұхбатында айтып берді, деп жазады Stan.kz.

Танымал продюсер өз өмірі және табысқа кенелудің жолдары және әйелдер мен ерлердің тең құқылы болуы үшін күресіп жүргенімен бөлісті.  Баян Алагөзова тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдерді қорғау үшін жылына миллиард теңге қажет екенін айтады.

“Кітабымның 100 мың данасын сатқан күннің өзінде барлық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдді қорғауға қаражат жетпейді. Орталықтар жұмыс істеу үшін, сол әйелдерді қорғау үшін қанша қаражат керек дегенді есептегенімде, шығын мөлшері – жылына миллиард теңгеге таяп қалады екен. Себебі, мен арнайы мамандарды тарттым, команда жинадым. Қанша қаражат керек, не үшін қажет, мамандар саны қанша болуы керек, олар қалай көмектесуі керек дегенді қорытындылай келе осыншама қаражаттың шығын болатыны белгілі болды. Бұл ойымды тастаған жоқпын, ысырып қойған жоқпын. Маған жәбір көрген әйелдерді құтқару үшін жылына миллиард теңге табыс керек”, – дейді продюсер.

Сонымен қатар, ол зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдердің өмірінен алынған шынайы оқиғалар желісінде 10 фильмнің түсіріліп жатқанын айтты.

“Барлығымыз осындай дүниелерге көз жұма салғанды жөн көреміз. Әйелін ұрып жатыр ма өз ісі ғой деп қана қоя береміз. Қазіргі уақытта біздің команда 10 фильм түсіреді, онда шынайы өмірден алынған оқиғалар болады. Youtube желісіне жүктейміз. Миллиардты сол жерден де табамыз. Құқық қорғау органдарын да осы мәселеге жіті қарауға шақырамын. Болашақта ер адамның әйелге саусағының ұшын тигізе алмайтындай етуіміз керек. Әйелді ұруға ешкімнің қақысы жоқ”, – дейді ол.

Тағы да оқыңыз:

Әли Оқапов Вьетнамда бірге демалып жүрген қыздың кім екенін ашық айтты

Баян Алагөзова: Әйелдер күйеуіне тоқал алуға рұқсат бермесе, олар бәрібір көңілдес болып кездесе береді

Баян Алагөзова атышулы Байзақованы жылқыға теңеді (видео)

Орыс жігіті: Еркектер өзіміз пәкпіз бе, айналаңдағылар лас қазақ қыздары болса, қай жерде жүрсің, кет ол жерден (видео)

Талқылау