Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы: Мен Айсәулені босанғанда өлемін деп ойладым, қоштаспақ болып анамды шақырттым

Баян Мақсатқызы алғашқы қызын өмірге қалай әкелгенін айтты. Жас ана толғақты көтере алмай, ауыр босанғанын жеткізді. Тіпті анасымен қоштаспақ болған. Айсәуле өмірге келгенде бәрі ұмыт болды деп ақталды. 

Бұл туралы Тимур Балымбетовпен болған сұхбатта айтылды.

Баян Мақсатқызы ерте тұрмыс құрып, ана атанды. Алайда бірінші жүктілігі ауыр өткен. Тіпті 9 ай бойы дәрігердің бақылауында болып, 9 ай бойы ауруханадан шықпаған екен. 

“Менің жүктілігім ауыр өтті. Мен ауруханадан шықпадым. Екі күн ауруханада жатқанда тоқтаусыз екі қолымнан екі-екіден система салған кез болды. Бұл баланың денсаулығы үшін, өзімнің денсаулығым үшін керек еді. Солай ауыр босану жақындады. Толғақтың ауыр өткені сондай, өлемін деп ойладым. Мен анамды шақыртыңдар деп айғайладым. Анаммен қоштаспақ болдым. Баламды анама тапсырамын деп ойладым. Себебі аман қалмайтындай болдымі”, – дейді продюсер. 

Баян ханым тұңғышын өмірге әкелген сәттен бар қайғыны ұмыттым дейді. Ешқандай толғақ болмағандай күй кешкен. Бұл сәтті еш ұмытпайды. 

“Мені 12 дәрігер босандырды. Тіпті қасымда жатқан көрші келіншек жалғыз босанды. Мен төсекте жатып қарап қалсам, ол жалғыз босанып жатыр. Әйел босанды деп айтып болғанымша, акушер оның баласын алып үлгерді. Менің босануымның ауыр болғаны сонша, оны босандырушы әйелдер де менің қасыма кетіп қалған екен. Мен Айсәулені босанған соң бәрін ұмыттым. Ештеңе болмағандай күй кештім. Аналық мейірімім оянды. Түнде оны менен алып кетті. Ал мен оны көргім келіп қараңғыда үлкен дәлізбен жүрдім. Үлкен бөлме ішінен өз қызымды бірден тауып алдым. Аналық инстинктім оянып, көп бала ішінде қай бала менікі екенін айтпай таптым. Сондай да болады екен”, – дейді проюсер. 


Баян Мақсатқызының анасы: Баянды туғанда ұл екен деп перзентханадағыларға “ұлды беріңдер” деп ұрыстық


Баян Мақсатқызы ауыр жүктіліктен соң ана болуға ұзақ уақыт дайын болмаған. Сондықтан екінші қызын тек 8 жыл өткенде ғана өмірге әкелді. Баланы бірінен соң бірін өмірге әкелу де ана үшін ауыр соққы дейді ол. 

“Мен екінші қызымды 8 жылдан соң өмірге әкелдім. Сол кезде ғана дайын болдым. Әйел дайын болғанда ғана бала көтеру керек. Оған дейін сақтану керек. Әйелдерге бірінен соң біріне бала ту дейтін қысым бар. Ол дұрыс емес. Әйел қаламаса, сақтану керек. Бізде қазақтарда ата-ана мен бала ашық сөйлеспейді. Жыныстық сауаттылыққа үйретпейді. Соның кесірінен түсік жасату көп. Түсік жасатқанша оны болдырмаудың жолын үйрену керек қой. Мен қыздарыма бірден осы тақырыпта ашық айтамын. Айсәуле шетелге кеткенде де ашық айттым. Айару үшін де қорықпаймын. Қыз бала жыныстық тәрбие алу керек. Жүкті болып, оны түсік жасатқанша, оның алдын алу жолдарын білуі керек”, – деді продсюсер. 

Талқылау