"Баян Мақсатқызы қатал болды": Балжан Бидаш KeshYou тобында өнер көрсеткен сәтін бөлісті
Отандық шоу-бизнестегі жұлдызды топтың бірі "KeshYou"-дің экс мүшесі әнші Балжан Бидаш шығармашылығы жөнінде сыр шертіп, аталған топтағы қызық оқиғаларын есіне алды. Бұл туралы “Оян” бағдарламасында айтып берді.
Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/
Көпшілік топтың Балжан Бидаш, Ақбота-Нұр, Жұлдыз Өмірғали өнер көрсеткен кезін жақсы бағалайды.
“4-5 жыл KeshYOU тобында өнер көрсеттім. Негізі қыздармен жұмыс істеу оңай емес. Әр қыз өзінше ерке, өзінше жеке тұлға. Ол кезде жас болдық. Бірақ біздің продюсеріміз Баян Мақсатқызы қатал болды, оны бәрі біледі. Бағым Мақсатқызы да бар. Егер топта жұмыс істеу оңай болса, қазір түрлі қыздар тобы болар еді. Қазір Қазақстан бойынша бірінші орында KeshYOU тобы тұр”, – деп жоғары баға берді.
-
"Құтырған қатынды көрмепсің": Балжан Бидаш өзін сынағандарға жауап берді
-
"Шымкентке келін боламын": Балжан Бидаш жақсы жаңалығын бөлісті
Сонымен қатар сұхбат барысында өнер иесі жеке өмірі туралы да айтып өтті.
“Жалпы менің жеке өміріме қатысты жаңалықты көп адам біледі деп ойлаймын. Сондықтан қазіргі кезде жеке өмірге көңіл бөлуге ешқандай жоспар жоқ. Мен жұмысқа көбірек назар аударып жүрмін, кішкене демаламын”, – деп эстрада жұлдызы шынын айтты.
Айта кетейік, өнер иесінің су жаңа әні көп уақыт өтпей-ақ миллионға жуық қаралым жинады. Тыңдарман қауым жүрекжарды лебізін білдірген еді.
“Мықты қыз”, “Әнің керемет екен”, “Бұл қыздың қатесі – Жахан,” “Мынау не ән, одан да үйде отырғаның жақсы еді?!”, “Сәттілік, Балжан қызым, өнерің өрге жүзсін! Екеуі екі жақтап шоу бизнестерін дамытуда, шоу-бизнес болғасын сол образда болады, ал былай екеуі де өте шынайы, өте жарасымды жұп, қосылғандарын тілеймін”, “Жаханға жауапты әнмен қайтарды”, – деп жазды оқырман қауым.