Баян Есентаева өзіне тіл тигізген зейнеткерді сотқа берді
Баян Есентаева өзінің атақ-абыройын заң жүзінде қорғауға кірісті. “Қара тізімге” бірінші болып зейнет жасындағы ұстаз Таңшолпан Ахметова ілікті. Продюсер одан өзінен кешірім сұрауды талап етіп отыр.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Қаңтар айының 18-і күні “Qamshy.kz” порталы “Баян бақытын тапты, Бақытбекті түрмеден шығару керек” деген тақырыппен жазылған мақала жариялады. Аталған мақалада зейнет жасындағы ұстаз қыз-бойжеткендерді Баян Есентаеваға еліктемеуге шақыратынын айтқан. Мұнымен қатар, продюсерді “өзгенің отбасын бұзды” деп айыптаған-ды.
“Қандай адам өз азаматын темір торға қатаң түзету мекемесіне 9 жылға тоғытып, өзгенің де отбасын бұзып, басқа еркекпен жүреді?! Бұл қазақ халқының мәдениетіне, тәрбиесіне жат. Қазақ халқы атам заманнан ер азаматын құрметтеген халық. Бізде әйел заты еркектерден бір саты төмен тұру керек деген түсінік бар. Сондықтан отбасын бұзбауға әрекеттену керек. Баян Есентаева журналистерге берген сұхбатында күйеуінің барлық жағдайды жасап отырғаны, бұған дейін Баян тек өз ісімен ғана араласып, үй қызметшілеріне жалақысын беру, мектептің ақшасын төлеу т.б істермен мүлде бас қатырмағанын айтады. Яғни оның жақсы жар болғанын көруге болады. Сондықтан мәселенің анық-қанығын анықтап, күйеуінің жазасын жеңілдету керек деп есептеймін”, – дейді ұстаз Таңшолпан Ахметова “Qamshy.kz” порталына берген сұхбатында.
Мұнымен қатар, зейнеткер 10 маусымда болған қайғылы оқиғадан кейін тек бір жақты пікірлердің айтылып жатқанын тілге тиек еткен-ді. Яғни БАҚ беттерінде тек Баян Есентаеваның сұхбаттары жарияланғанын айтты. Продюсер өз бақытын тапқандықтан, Бақытбек Есентаевтың түрмедегі жазасын жеңілдетуді сұрады.
“2016 жылдың жаз айында Баян Есентаеваның басынан өткерген ауыр жағдайынан кейін сұхбат берді. Барлық БАҚ болған оқиғаны тек Баянның айтуымен ғана жариялады. Ал Бақытбектің пікірін білген ешкім болмады. Баян Есентаева өзіне ыңғайлы және өзін ұтымды көрсететін тұстарын ғана айтатыны анық”, – дейді ол.
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy/
Бұл мақаланы тек желі қолданушылары емес, продюсердің өзі де оқып шыққан екен. Бұған сотқа жазған арызы куә болып отыр. Ол осы мақаланың авторы мен зейнеткердің үстінен іс қозғауды сұраған.
“Бұл менің аталған порталға және мақаланың авторы, құрметті Таңшолпан Ахметқызына айтар алғашқы ескертуім. Мен БАҚ өкілдерінен жеке өміріме қатысты мақалаларды жазарда кәсіби этиканы сақтауды сұраймын. Әйтпесе шаршамастан ҚР-сының толыққанды азаматы ретінде өзімнің құқықтарымды қорғайтын боламын. Түсіністік танытқандарыңыз үшін рахмет”, – дейді Баян Есентаева.
Желі қолданушыларының көбі продюсердің сөзін қоштай түсті. Мұнымен қатар, моральдық шығын талап етуді сұрағандар да болды. “Барлығын дұрыс жасап жатырсыз”, “БАҚ бетімен кетіп барады”, “Бұрыннан бері осылай жасауыңыз керек еді”, “Жарайсың”, “Баян Мақсатқызының қалай өмір сүргенін ешкім білмейді. Неге әйел адам бақытты өмір сүрмеске?!” деп жазды желі қолданушылары. Олардың арасында қорғаушының құжатынан қате тапқандар да болды. “Қорғаушы құжатта көптеген қателік жіберген екен. Өкінішті” деп жазды олардың бірі.
Бұл жаңалықтан зейнеткер хабардар болмаса керек. Себебі, бұл туралы бірнеше минут бұрын продюсер өзінің инстаграм парақшасында жариялады. Естеріңізде болса, Баян Есентаеваның өзіне тіл тигізген желі қолданушысымен соттасуы мүмкін екені туралы жазған болатынбыз.
Жіберіп алмаңыз:
Әйкерім Қалаубаева ұлының туған күніне роботтар жалдаған (фото, видео)
Ұлына елде жоқ есім берген Мөлдір Әуелбекова оның мағынасын түсіндірді
Мәдина Сәдуақасова шашын сары түске бояп тыңдармандарын шошытты (фото)
Дастан Оразбековпен сүйіскен актриса Салтанат Бақаеваның бейнебаянына түсті (видео)