Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева: Қыздарға секс жайында 15 жастан бастап айту керек

Баян Есентаева Vlast.kz басылымы журналистеріне ашық түрде сұхбат берді. Тележүргізуші әрі продюсер қайырымдылық қорын ашатынын тағы да бір рет айтып өтті.

c1ddab93f2e8e96c223063113af648aa

“Маған үлкен қоғамдық қор қажет. Бұл қордың әр қалада бөлімшелері болуы тиіс. Ол үшін кеңсе әзірлеп, компьютерлер мен телефондар қойып, сайтпен айналысатын адам табу қажет. Оған қанша ерікті ал қанша жалдамалы қызметкер қабылдаймын? Оның бәрі есептеуді талап етеді. Мұндай іспен ешқашан айналысып көрмегем. Бірақ айналысатын боламын, маған сеніңіздер”, – деп сендірді Есентаева.

Есентаеваның пікірінше, нағыз проблема “Қазақстанда секс жоқ” деп жар салып, “сексуалды” сөзін ерсі көруде. Продюсер телехикаяда актерлерді сүйістіргені үшін үнемі сынға ұшырайтын болып шықты.

“Біздің сүйісуге, бір-біріміздің қолымыздан ұстауға болмайды. Біздің елде балалар желден немесе шынайы сөзден пайда болады. Балалар үйіне барсаңыздар, топырлап жүрген қазақ балаларын көресіздер. Шындық осы. Осы туралы неге айтпаймыз? Өйткені ұят. Өйткені аналары қыздарына: “Дәрі іш, мүшеқап пайдалан, анаң ұялып жүрмесін”, – деп айтпайды. Ал қызы бәрібір секспен айналысады. Өйткені елдің бәрі онымен айналысады. Ол туралы қашан айтамыз? Кім бастайды?  Бұл туралы қыздарға 15 жастан бастап айтып, контрацепцияны түсіндіру қажет. Ал бізде не дейді? Ана жеріңе ие бол. Аналардың бар айтатыны осы. Ал қыз ол жеріне ие болуды қайдан үйренеді? Қызым 16 жасқа толған кезде отырғызып қойып осындай тақырыпта әңгіме қозғадым. Ол ұялатынын айтса, мен оның көзіме тіке қарауын талап еттім. Жасанды түсік жасатудың денсаулыққа өте зиянды екенін түсіндірдім. Қазір 20 жастағы қызым маған: “Мама, сен қандай данагөй әйелсің”, – дейді. Ал ауылдық жерлерде не болып жатыр? Оларға кім жеткізеді? Өзімнің жеке басымның проблемаларынан қарағанда осындай тақырыпты қозғағанды жақсы көремін”, – деп пікір білдірді Есентаева.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева күйеуін ренжіткенін мойындады

Шахизада маскүнемдікке салынған күйеуінен оңбай таяқ жегенін айтты

Ақбота Керімбекова өзі асырап-баққан күйеулері туралы айтып берді

Мақпал Исабекова: Мәскеуде туған екі балам бар

 

Талқылау