Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзова "жұлдыз ауруына" шалдыққанын мойындады

Елімізге танымал продюсер Баян Алагөзова жұлдыз ауруымен ауырғанын айтып, жас әртістерге кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/bayanmaxatkyzy

“Бүгін "жұлдыз ауруы" туралы жазбақпын. Жұлдыз ауруына 18 жасымда шалдықтым, бүкіл әлемде өзімді ерекше деп санадым. Қазір ойласам езуім жиылмаса, өкініп, жабырқаған емеспін. Мен ол кезде кішкентаймын. Менің бағым болған танымалдық қазіргі әртістердің үш ұйықтаса түсіне кірмейді. Ол кездері жылына үш фильм түсіріледі, оны біреулер көрсе жақсы. "Махаббат бекеті" фильмі бір сәтте көптің көзайымына айналып, мен жұлдыз болып ояндым. Бірде бес сағат бойы қолтаңба таратамын деп, саусағым көгеріп қалды. Адамдар кезекте тұратын”, – деп жастық шағын есіне алды Баян Алагөзова.

Баян Алагөзова өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жас әріптестеріне ақылын айтты.

“20 жылдық продюсерлік қызметімде көп адамға тәлімгерлік еттім. Олар да сол сезімді бастан өткерді. Ғажайыпты күтті, ғажайыпқа қол жеткізді, жұлдыз ауруы, қабылдау, теріске шығару, әдет, естен шығару, жек көру, махаббат, мойындау, ақша, осылайша әркімнің өз тарихы бар. Нәтижесінде бұл - тек кәсібің, наның, мүмкін өміріңнің мәні немесе хоббиің болар. Көбіне жұлдыз ауруы ұзаққа созылады. Бірақ өмірлік тәжірибемнен түйгенім, өмірдегі түрлі жағдайлар адамды бәрібір "жерге түсіреді". Ондай жағдайлар кейбіреулерге ауыр тиюі мүмкін. Сол себепті жаңадан бастап келе жатқан жас әртістерге кеңесім, бас кезінде де, биікке шыққан кезде де жұлдыз болмаңыздар, мұның бәрі уақытша, бәрі. Неғұрлым жоғары көтерілсең, биіктен құлауың соғұрлым ауыр болады. Тепе-теңдік ұстаңыздар, ең бастысы, адам болып қалу, жақсы адам болып қалу одан да керемет”, – деп жазды продюсер.

Желі қолданушылары Баян Алагөзованың бұл жазбасына қаты өз пікірлерін жазып қалдырды.

“Сіз әлі күнге дейін жұлдыз ауруына айыға қоймаған сияқтысыз”, “Махаббат бекеті – өз алдына тарих”, “Шоу-бизнестің көбі сіз тәрбиелеген қыздар”, “Әр нәрсенің құнын білу үшін жұлдыз ауруын бастан өткеру керек деп ойлаймын”, “Дана әйелсің”, – деп жазды желідегілер.

 

Талқылау