Баян Алагөзова: Скриптонит айтқан соң, Павлодардағы жолдар жөнделеді
Баян Алагөзова танымал рэпер Скриптонит пен Павлодар билігі арасындағы дауға қатысты пікірін білдірді. Мақсатқызы жол мәселесін қарапайым әртіс емес, шетелге белгілі азамат көтергендіктен, шу болып жатқан Ленинский ауылының жолдары жөнделетініне сенім білдірді.
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
“100 пайызға сеніммен айта аламын, жақында Скрипи туып-өскен Ленинский ауылында жол жөнделеді. Бірақ ол әкімдік қызметінің міндеті болғандықтан емес, бірінші кезекте, Қазақстаннан тыс жерде танымал әртіс айтқандықтан жасалады. Негізінде бүкіл ел аумағында жолдардың жағдайы сондай. Мүмкін Скриптонитке басқа да өңірлердің сөзін сөйлеші деп айтармыз? Кім қолдайды?” – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.
Бұл орайда шоу-бизнестің өзге өкілдері Мақсатқызының бастамасын қолдай кетті. Мәселен, әнші Айқын:
“Өкінішке қарай, барлық жерде жол жақсы емес. Тіпті облыс орталықтарында… Қанша жер араладым, көрдім. Бірақ даму бар. Соңғы 3-4 жылда әжептеуір жақсы жаққа өзгерген”, – деп ойын айтса, продюсер Алтынбек Рахметов Павлодарда жолдардың соншалықты жаман емес екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, Павлодар облысының басшылары Скриптонитті тегін концерт беруге шақырғандарын айтқан еді. Музыкант Павлодар облысында дүниеге келгендіктен, жергілікті билік өкілдері оны шақыруды жөн деп тапқан. Алайда Скриптонит Астанадағы концерт кезінде ешқандай да келіссөз жүргізілмегенін айтты. Сондай-ақ, ол Павлодар әуежайы мен жолдарын сынға алды. Туған ауылының инфрақұрылымы төмен деңгейде екенін де сөз етті.
Тағы оқыңыз:
91 тобының көшірмесі атанған «Блэк Дайл» үштік болып қалуы мүмкін
Төсіңді жапшы: Мәдина Сәдуақасова ашық-шашық суретін жариялап, жұрттың ашуына тиді
Әйелің бар емес пе: Жанар Дұғалованы құшақтап алған Керменбаев қатал сынға ұшырады
Айсәуле Бақытбек анасын пышақтаған әкесінің әрекетіне түсіністікпен қарайтынын айтты