Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсәуле Бақытбек анасын пышақтаған әкесінің әрекетіне түсіністікпен қарайтынын айтты

Айсәуле Бақытбек әкесі Бақытбек Есентаевтың анасына жасаған әрекетіне түсіністікпен қарайды. Бойжеткеннің айтуынша, ашу үстінде болғандықтан, оны түсінуге болады. Алайда Айсәуле анасының да таңдауын қолдайтынын жасырмады.

Айсәуле Бақытбек

Ол «Гәкку FM» радиосының «Если честно» бағдарламасына ағынан жарылып сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бағдарлама барысында Тимур Балымбетов 2016 жылдың 10 маусымында болған трагедияны еске алды.

Айсәуле алғашқы кезде ешкіммен тілдескісі келмегенін, алайда уақыт өте келе болған оқиғадан өзіне сабақ алғанын түсіндірді.

«Мүмкін осылай болуы тиіс еді. Егер сол жағдай болмаса, мен әлі де есеймес едім. Мен жексенбі күнгі отбасылық кешкі астың қадірін түсінбес едім. Былай қарасам, маған ол кеш ұнайтын, алайда мен ешқашан үйге асықпайтынмын. Себебі ол мен үшін қалыпты нәрсе сияқты көрінетін. Егер де сол жағдай болмаса, мен отбасыммен бірге өткізген әр минутты, тіпті секундты бағаламайтын едім», – дейді ол.

Бойжеткен ашу үстінде болған әкесіне түсіністікпен қарайтынын айтты. Алайда өзгеге тұрмысқа шыққан анасын да қолдайтынын жасырмады.

«Анамның таңдауын қабылдаймын, себебі менің ойымша, адам әркез жүрек қалауымен өмір сүруі тиіс. Әкемді де кінәламаймын, себебі ол ашу үстінде болды. Біз сіңлім екеуміз өте бақытты отбасында тәрбиелендік. Менің отбасымда ешқашан тұрмыстық зорлық-зомбылық болған емес. Тіпті, ата-анамның бір-біріне дауыс көтергенін ешқашан естімеппін.

Ата-анамды жақсы көремін. Иә, сондай жағдай болып қалды. Дегенмен, әлі күнге дейін анам да, әкем де мен үшін ең үлгі тұтатын жандар», – дейді Айсәуле Бақытбек.

Тағы оқыңыз: 

Түйсігі мүгедектер: Ерке Есмахан ажырасқаны үшін сын айтқандарға жауап берді

Димаш Құдайберген Қытайдағы I am singer жобасында тағы да өнер көрсетті (видео)

Төреғали Төреәлі үшінші қыздың әкесі атанды

Жанболат пен Жазира балалы болуға ниеттеніп жүргендерін айтты

Талқылау