Түйсігі мүгедектер: Ерке Есмахан ажырасқаны үшін сын айтқандарға жауап берді

Еліміздегі ең танымал әншілердің бірі Ерке Есмаханның фильм түсіріп жатқаны жайында бұған дейін де айтылды. Ол енді актриса әрі кинопродюсер ретінде өзін сынап көрмек. Қазіргі таңда Ерке Жамбыл облысы аумағында кино түсіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

ерке есмахан

Бірер апта бұрын Ерке кино үшін өзгеріске ұшыраған образын көрсеткен еді. Алайда бояусыз түріне жұрттың айтқан сынына шыдамаса керек, әнші “қасы қырылған, шашы қиылған” суретін желіден өшіріп тастады. Күні кеше табиғилықты ұнататын Ерке жаңа имиджбен түскен кезекті суретін жариялады.

Алайда арам ниеттілер бұл жолы да Еркеге маза бермеді.

“Бояусыз түрің сұмдық екен”, “Масқара”, “Қап-қара болып кетіпсің, сиыр сауып жүрсің ба”, “Фу, макияжсыз ұсқынсыз екенсің, сені кім жақсы көрсін”, – деп даттады желі оқырмандары. Әдетте үнсіз қалатын Есмахан бұл жолы мазасыз жанкүйерлеріне ренішін білдірді.

“Қалдарыңыз қалай, мінсіз, идеальный оқырмандар?! Бірақ бәріміз кемшілігі көп пендеміз, мінсіз тек Алла ғана! Бәрін білуші, бәрін көруші де, ешқашан қателеспейтін де Алла!

Менi даттап болсын, мақтап болсын, мысқылдап болсын, ерінбей пікір жазатын әр оқырманымды сыйлаймын. Қазір бәріміздің көзіміз ашық, көкірегіміз ояу! Алла берген сау 12 мүшенің арқасында көріп, естіп, ойға келгенді сандырақ етіп жазып отырасыздар… Сіздің біреудің өткеніне, ажырасқан, баласы бар деп тағдырына тиісуге қақыңыз жоқ! Өйткені, оның қандай жолмен жүріп өткенін білмейсіз! Алда не күтіп тұрғанын, ұл-қыздарыңыздың тағдыры қалай жалғасатынын, бауырларыңызға ертең не болатынын білмейсіздер.

Әлдене жазарда, түр-келбетті мысқылдап сынамас бұрын, тағдырды талқыға салмас бұрын жақсылап ойланыңыз. Айнаға бір қараңыз. Өз өміріңізді ойша бір шолыңыз! Ата-анаңызды, бауырларыңызды бір ойлап қойыңыз! Өсіріп отырған ұл-қызыңыздың тілеуін тілеңіз! Сол кезде жазатын нәрсеңізді ой фильтірінен өткізерсіз! Түйсіктің мүгедек болғаны, дене мүшенің мүгедек болғанынан да қауіпті екен!” – деді ол.

Жіберіп алмаңыз: 

Төреғалиге ренжіп кеткен продюсер оны сәбилі болуымен құттықтады

Желіде екіұшты жазба қалдырған Қайрат Нұртас жұрттың ашуын келтірді (видео)

Димаш Құдайберген Қытайдағы I am singer жобасында тағы да өнер көрсетті (видео)

Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы астаналық оқушылар арасында ең ақылды болып шықты

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр