Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғалиге ренжіп кеткен продюсер оны сәбилі болуымен құттықтады

Продюсер Жан Мұқанов біраз уақыт бұрын Төреғали Төреәлінің дөрекілігін айтып, өзін алдағаны туралы жар салған еді. Алайда продюсер арадағы ренішке қарамастан, әншіні сәбилі болуымен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz.

Балаларға қатысы жоқ: "Төреғали алдап кетті" деп жар салған белгілі продюсер әншіні сәбилі болуымен құттықтады

Төреғали Төреәлінің бұрынғы продюсері Жан Мұқанов Instagram желісіндегі парақшасында әншіні сәбилі болуымен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді. Продюсердің жазуынша, үлкендер арасындағы түсініспеушіліктерге балалардың қатысы жоқ.

«Төреғали үшінші рет әке атанып отыр! Біздің арамыздағы болған түсініспеушіліктердің балаларға ешқандай қатысы жоқ. Бала – өмірдің мәні, біздің болашағымыз. Төреғали мен Толқын бақытты болыңдар! Әсіресе Төреғалидің анасын құттықтағым келеді. Ол кісі Төреғалидің өміріндегі ең жақын жандардың бірі.

Ақша бірде бар, бірде жоқ. Қолдың кірі. Өмір өз ағынымен өтіп жатыр. Мен оның жұлдызының қашанда жарқырап тұруын тілеймін! Ол отбасының тірегі, қамқоршысы. Барлықтарыңызға бірлік пен татулық тілеймін. Жақындарымыздың қадірін түсініп, кешіре білейік! Ұлы даланың ұлылығын ұлықтайық!”, – деп жазды Жан Мұқанов.

 

Төреғали үшінші рет әке атанып отыр! Біздің арамыздағы болған түсініспеушіліктердің балаларға ешқандай қатысы жоқ. Бала – өмірдің мәні, біздің болашағымыз. Төреғали мен Толқын бақытты болыңдар! Әсіресе Төреғалидің анасын құттықтағым келеді. Ол кісі Төреғалидің өміріндегі ең жақын жандардың бірі. Ақша бірде бар, бірде жоқ. Қолдың кірі. Өмір өз ағынымен өтіп жатыр. Мен оның жұлдызының қашанда жарқырап тұруын тілеймін! Ол отбасының тірегі, қамқоршысы. Барлықтарыңызға бірлік пен татулық тілеймін. Жақындарымыздың қадірін түсініп, кешіре білейік! Ұлы даланың ұлылығын ұлықтайық! ✊

Публикация от Zhan Mukanov (@impresario_kz)

Өз кезегінде желі қолданушылары Жан Мұқановтың әрекетіне тәнті болып, оның пейілі кең, дана адам екенін айтып жатты.

Оқи отырыңыз:

Желіде екіұшты жазба қалдырған Қайрат Нұртас жұрттың наразылығын тудырды (видео)

“Бригада” телехикаясының жұлдызы Ақтөбедегі қойылымнан кейін төбелесіп қалған фанаттарын ажыратып алды (видео)

Астаналық жас актер ресейлік киножұлдыздың фильмінде басты рөл сомдады (фото)

Димаш Құдайберген Қытайдағы I am singer жобасында тағы да өнер көрсетті (видео)

Талқылау