Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық жас актер ресейлік киножұлдыздың фильмінде басты рөл сомдады (фото)

Астаналық 22 жастағы Асқар Ілиясовқа Данила Козловскийдің «Бапкер» фильмінде басты рөлдердің бірі бұйырды. Ресейлік киножұлдыздың режисерлік жобасында қазақстандық актер танымал футболшыны сомдады, деп хабарлайды Stan.kz.

Астаналық жас актер ресейлік киножұлдыздың фильмінде басты рөл сомдады

«Режиссер Данила Козловскийдің «Бапкер» фильмі прокатқа шықты. Фильмдегі басты рөлді сомдайтын актерлердің бірі – отандасымыз Асқар Ілиясов. Асқар – Б.Щукин атындағы Мәскеу театр институтының түлегі. Қазіргі уақытта ол Мәскеу академиялық сатира театрында жұмыс істеп жүр», – деп жазды Astana film fund компаниясы Instagram желісіндегі парақшасында.

Ал Асқар Ілиясовтың сөзінше, фильмнің түсірілім жұмыстары бір жыл бұрын басталыпты.

Астаналық жас актер ресейлік киножұлдыздың фильмінде басты рөл сомдады

«Тура бір жыл бұрын түсірілім жұмыстары басталды. Бүгін сіздер біздің бар күшіміз мен эмоциямызды жұмсаған фильмімізді көре аласыздар», – деп жазды актер Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетсек, Асқар отандық режиссер Ақан Сатаевтың «Кәсіпкерлер» фильмінде басты рөл сомдады.

Оқи отырыңыз:

Димаш Құдайберген Қытайдағы I am singer жобасында тағы да өнер көрсетті (видео)

Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы астаналық оқушылар арасында ең ақылды болып шықты

Айсәуле Бақытбек: Кей екіжүзді адамдар желіде орамал таққан суретін жариялап, шелпек әзірлегенін жазады

Төреғали Төреәлі үшінші қыздың әкесі атанды

Талқылау