Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыр ән салған “А-студио” тобы музыкантты еске алу кешіне қатысудан бас тартты

Батырханның өзі өмірден өтсе де, Шүкенов атындағы қор маэстроның шығармашылығын насихаттаудан еш шаршаған емес! Алайда, ән әлеміне бірге қадам басқан «А-студио» бақилық болған әріптесін қолдауда белсенділік танытып отырған жоқ! Тіпті, мамырда өтетін музыкантты еске алу кешіне қатысудан бас тартқан.

302167

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Батырхан Шүкенов атындағы қор музыканттың жаңа бейнебаянын көпшілікке таныстырды. «Нас исцеляет любовь» деп аталатын трек әншінің көзі тірісінде жазылған. Тек Батыр бұл композициясын халыққа ұсынып үлгермегенді. Әлім Заиров әннің сазын әрлесе, Батырдың достары жаңа клиптің жарыққа шығуына қолдау көрсеткен.

“Батырхан Камалұлы фейсбук желісі арқылы мені студияға шақырды. Әйгілі музыканттан мұндай ұсынысты күтпеген мен, бірден жетіп бардым. Танысып, шығармашылық жайында біраз әңгімелестік. Бірнеше ай өткен соң, осы әнді Батырдың өзіне арнап жазғанымды айтқанымда, ол кісі ұнатып репертуарына қосқан еді”, – дейді композитор Әлім Заиров.

Бұл бейнебаянда әншінің видео-мұрағаттары қолданылып, құммен сурет салу өнері арқылы бақилық болған Батырдың бейнесі суреттелген.

Сондай-ақ, музыканттың 55 жылдығына орай, биыл Алматыда Батырды еске алу кеші өтеді. Бұл концерттік бағдарламаға Шүкеновтің жанына жақын әндері таңдалып, өзі үлес қосқан туындылар тоғыстырылмақ. Валерий Меладзе, Далер Назаров сынды ресейлік достары бұл кеште өнер көрсетеді, тек әйгілі «А-студио» концертке қатысудан бас тартып отыр.

«А-студио» тобына хабарласқанымда, өкінішке орай келе алмайтындарын айтты. Аталмыш ұжымның сол уақыттарда шет елде жұмыстары бар екен. Сондай-ақ, қазіргі таңда ЭКСПО-ға орай ұйымдастырылған шоу-концертке қызу дайындық жүргізіп жатқандарын жеткізді”, – дейді Б. Шүкенов атындағы қордың директоры Олжас Байқанов.

Аталмыш ән кешінен кейін, Шүкенов атындағы қор Батырдың үш бірдей альбомын жарыққа шығармақ.

Жіберіп алмаңыз:

Талғат Жорабаев кезінде сиыр сауып, күбі піскен (фото)

Галактикадағы жарық жұлдызға Димаштың есімі берілетін болды

Әнші Бүркіт кино түсіруге кірісті (фото, видео)

Төреғалидің жұбайымен түскен суреті желіні шулатты

Тұрсын Алагөзов: Мен сүйетін Баянның болмысы осы суретте анық көрінген

Талқылау