Ресейліктерді жаппай жеккөрушілікке байланысты абай болуға шақырды
Бірқатар Батыс елдерінде ресейліктерге деген жек көрушілік, өшпенділіктің жоғары екені байқалады. Бұл туралы Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: РИА Новости
Песков қалыптасқан жағдайға байланысты Ресей тұрғындарын абай болуға шақырды. Оның пікірінше, нағыз орыс өзінің шыққан тегі үшін ұялмауы керек.
"Нағыз орыс ешқашан орыс болудан ұялмайды. Кімде-кім солай айтса, демек, ол орыс емес. Оған ешқандай кінә жоқ", – деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы.
Бұған дейін РФ президенті Владимир Путин АҚШ пен Батыс елдері салған санкциялардың соғыс бастаумен тең екенін мәлімдеді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі