AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей мұнайына салынған санкция Қазақстанға әсер ете ме

АҚШ сыртқы істер министрлігі ресейлік мұнайға салынған санкциялар Қазақстанға әсер етпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Олардың мәліметінше, АҚШ-та энергия ресурстарына тыйым салу санкциясы Ресейден жеткізілетін кейбір тауарлар импортына қатысты. Ал Ресейде шықпаған тауарларға, мейлі, Ресей аумағы арқылы өтсе де, тыйым салынбайды. 

Сондай-ақ министрлік мамандары Каспий құбыр консорциумын мысалға келтірді. Сол арқылы Қазақстан мұнайының біраз бөлігі өтеді.

"Қазақстан құбыр консорциумы (ҚҚК) сияқты таратушы жүйелерде шикі мұнайдың көзін бөлу тетіктері қарастырылған. Соның арқасында Ресей Федерациясынан шықпаған шикі мұнайды бөлек түсіруге де, сатуға да мүмкіндік бар", - дейді министрлік қызметкерлері.



Айта кетcек, АҚШ президенті Джо Байден Ресей мұнайын импорттауға тыйым салынатынын мәлімдеді. Осыдан кейін мұнайдың әлемдік бағасы тағы көтеріле бастады. Байденнің айтуынша, жаңа санкцияларды екі партия да қолдады. Ал Еуропадағы одақтастар бұл бастамаға қосылмайды.

Бүгін Лондон биржасында Brent маркалы мұнайдың бағасы бір баррель үшін 130 долларға жетті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр