AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық банктер теңгенің құлдырауына дайын ба: Қаржы нарығын реттеу агенттігінің жауабы

2022 жылдың соңынан бастап Ресейге қарсы енгізілген санкцияларға байланысты Қазақстанда жұмыс істейтін екінші деңгейлі банктерге қысым күшейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірлесіп, Қазақстанда жұмыс істейтін ресейлік банктерге қатысты ақша-кредит саясатының құралдары аясында өтімділікті қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдап жатыр. Олардың бас компаниялары да ақша өтімділігі түрінде оларға қолдау көрсетеді, деп хабарлайды агенттік.

"Енгізілген санкциялардың қазақстандық банктерге кері әсері байқалмайды. Қазақстандық банктер айырбас бағамының құбылмалығы аясында шетел валютасына артқан сұранысты толық қамтамасыз етіп отыр", - деп жазылған агенттік мәлімдемесінде.

Қазақстандық банктерге келетін болсақ, олардың меншікті капиталы 4,6 триллион теңгені құрап отыр. Сондай-ақ олардың иелігінде құны шамамен 11,6 триллион теңгені құрайтын өтімділігі жоғары активтердің ауқымды қоры бар. Бұл банктерге қаржы нарығындағы жағымсыз салдарды жоюға мүмкіндік береді, деп мәлімдеді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Агенттік мәліметі бойынша валюта нарығындағы сын-қатер сақталып тұр. Ол шетел валютасына сұраныстың артуына, соның ішінде халықтың өз депозитін теңгеден долларға немесе еуроға ауыстыруымен байланысты туындап отыр.

Осы сын-қатерді бәсеңдету үшін агенттік банктер 2022 жылдың 1 маусымына дейін сақтауға міндеттелетін бірқатар норматив енгізіп отыр. Бұл екінші деңгейлі банктерге төлемдер мен ақша аударымдары бойынша өз клиенттері алдындағы міндеттерін уақтылы орындауға мүмкіндік береді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр