Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстанда бруцеллезге байланысты мыңдаған мал сойылып жатыр

Батыс Қазақстанда мыңдаған ірі қара мал бруцеллезбен инфекцияланған. Жануарлар санитарлық сойылуға жіберілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының мәліметінше, ауыл шаруашылығы жануарлары 12 айлық жастан бастап жылына екі рет бруцеллезге тексеруден өтеді.

Жыл басынан бері 666,8 мың ірі қара мал тексерілген, оның 4 942-і инфекцияланған. Ал ұсақ мал арасында 1,1 миллион бас зерттеліп, 1 203-і оң нәтиже берген.

"Бүгінде бруцеллезбен инфекцияланған 4 316 ірі қара мал және 991 ұсақ мал санитарлық сойылуға жіберілді", — деп хабарлады басқарма.

Ресми мәліметтер бойынша, соңғы 7 жылда жануарлар арасындағы бруцеллез ауруының деңгейі төмендеп жатыр. 2021 жылы 6 490 ірі қара мал, 2022 жылы 5 045, ал 2023 жылы 4 141 бас инфекцияланған. Ауру малдар облыстағы алты арнайы ұйымға сойылуға жіберіледі. Ведомство бруцеллезбен зақымдалған 329 бас ұсақ малдан алынған ет өнімдері үшін 5,4 миллион теңге көлемінде өтемақы төленгенін атап өтті.



Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында ірі қарадан қарасан анықталып, карантин жарияланғанын жазған едік.Мәліметтерге сенсек, Қарқаралы ауданы Мамыраев ауылына қарасты Сартау қыстағында 15 шақты бұзау айналдырған екі үш күнде арам қатқан. Аумақтың ветинспекция мамандары өлекселерден сынама алып, зертханаға жолдаған. 

Талқылау