48 жыл отасқан әйелін өлтірген қазақстандық 10 жылға сотталды
Батыс Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты әйелін өлтірген ер адамды 10 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: krsk.aif.ru
Іс материалдарына сәйкес зейнеткер алдымен өз пәтерінде 48 жыл отасқан әйелін ұрып-соғып, баумен тұншықтырған.
Содан кейін қолымен тұншықтырып өлтірген. Ер адам Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша сотталды. Қылмыскер – 73 жаста.
“Сот отырысында сотталушы өз әрекетіне өкінетінін және жасаған қылмысын мойындайтынын көрсетті”, – деп атап өтті сот.
Сот оның жасының ұлғаюына байланысты осындай мерзім тағайындалғанын мәлімдеді.
Еске салайық, 13 мамырда әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шығып, ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"