Батыс Қазақстанда 5 жасар баланы жылқы теуіп өлтірді
Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылында жылқы бес жасар баланы теуіп жіберген. Қайғылы оқиға 27 тамыз күні болған, деп хабарлайды, Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жарақаттың салдары өлімге алып келгенін мәлімдеді аймақтық полиция баспасөз қызметі.
"Жылқы тұяғымен баланың басынан тепкен, жарақаттың салдарынан бала жан тәсілім етті. Аталған факт ҚР ҚК 001-бабы бойынша Түпқараған аудандық ІІБ сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді" , – деп жазады жергілікті "Лада" басылымы.
Бұл факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Осыған ұқсас оқиға бірнеше жыл бұрын Қазақстанның батысында болған. Ол кезде ат тұяғынан ауыр соққы алған балаға күрделі ота жасауға тура келген – бес жасар бала басынан жабық жарақат алған, миы шайқалып, беті жыртылған және басқа да жарақаттар алған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"