Батыс Қазақстанда 13 жастағы жасөспірім өз әкесін жүк көлігімен басып өлтірді
Батыс Қазақстан облысында жүк көлігін жөндеу кезінде жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі, полиция майоры Дариға Мәжитованың айтуынша, оқиға 4 сәуір күні шамамен сағат 16.40-та Ақсай қаласы Балдырған көшесінде болды.
Оның сөзінше, 1976 жылғы жүргізуші үйінің ауласында өзінің "Газ САЗ 35071" (самосвал) көлігін жөндеген. Тормоз сұйығын ағызу кезінде ол көліктің астында жатып, кәмелетке толмаған 2009 жылғы ұлына кабинаға отырып, машинаны оталдырып, тормоз тепкішін басып, өзіне көмектесуін өтінген.
"Бұл кезде беріліс қорабы қосулы болған автокөлік өздігінен алға жүріп, ер адамды басып кеткен. Салдарынан ер адам аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес тіркелді", – деді Дариға Мәжитова.
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр