Батыс Қазақстан облысының әкімі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға салынатын үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев облыстық құрылыс басқармасы мен аудан әкімдеріне су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға салынатын үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды.

"Зардап шеккен тұрғындарға салынатын тұрғын үйлерді уақытында аяқтау жөніндегі Мемлекет басшысының тиісті тапсырмасы бар. Сондықтан құрылыс жұмыстарын жеделдету қажет. Сырым, Бөрлі, Қаратөбе, Теректі аудандарында құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыс басқармасы мен аудандардың әкімдеріне барлық жұмыстарды уақытылы аяқтап, тұрғын үйлердің сапасына баса назар аударуды тапсырамын"- деп атап өтті облыс әкімі.
Аудандарда құрылған арнайы комиссиялар су тасқыны шығындарын анықтау бойынша қажетті жұмыстарды жүргізуде.
Қазіргі уақытта жаңа тұрғын үйлер салу үшін жер учаскелері белгіленді. Мердігер компаниялар анықталып, құрылыс жұмыстары басталды.
Құрылыс жұмыстарын бақылау облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, салаға жауапты орынбасарына тапсырылды.
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған
Дегенмен ресейлік спортшы екі бағдарлама қорытындысы бойынша жалпы есепте алтыншы орын алды
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"