Батыс Қазақстан облысында жоғалған жасөспірімнің денесі табылды
Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында жергілікті тұрғындар су толтырылған шұңқырдан 14 жастағы жасөспірімнің денесін тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бөрлі ауданы Ақбұлақ кентінің тұрғындары елді мекенге жақын жерде 2009 жылы туған жасөспірімнің денесін тапты.
Өңірдің ТЖ Департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мәйіт суы бар шұңқырда болған.
Баланың жоғалу себептері әлі белгісіз. Жасөспірімнің қалай және неден қайтыс болғаны қажетті сараптамалардан кейін белгілі болады.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған