Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында полиция ғимаратында оқ жарақатын алған тәртіп сақшысы көз жұмды

Оқиға 24 маусым күні таңертең Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бақылау-өткізу пункті ғимаратында болған. Басына қызметтік қарудан оқ атқан полиция қызметкеріне облыстық ауруханада ота жасалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой Город порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Ішкі министрлігінің баспасөз қызметі

Жергілікті полицияның мәліметінше, жедел жәрдем бригадасы облыстық көпсалалы ауруханаға 2003 жылы туған ер адамды жеткізді. Науқас шұғыл операцияға жіберіліп, өте ауыр жағдайда реанимацияда жатты.

Батыс Қазақстан денсаулық сақтау басқармасы науқастың 27 маусым күні сағат 00:00-де есін жимай қайтыс болғанын хабарлады.

“БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, қазіргі кезде өзін өзі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды”, – делінген хабарламада.


Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында күйеуінен зорлық-зомбылық көріп келген әйел полицияға көмек сұрап жүгінгенін жаздық. Жәбірленушінің күйеуі шақыртуға келген полиция қызметкеріне оқ атқан. Полиция департаменті ақпаратты растады. Полицияның мәліметінше, оқиға 2024 жылдың 17 сәуірінде тіркелген.

Талқылау