Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында әйелін соққыға жыққан ер адам келген полиция қызметкеріне оқ атқан

Алматы облысында күйеуінен зорлық-зомбылық көріп келген әйел полицияға көмек сұрап жүгінген. Жәбірленушінің күйеуі шақыртуға келген полиция қызметкеріне оқ атқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

қару

Фото: freepik

Желіде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғынының полицияға арыз жазғаны туралы ақпарат пайда болды. Арызда күйеуінің әйелін үнемі ұрып-соғатыны айтылған.

"Арыз тіркеліп, екі лейтенант шара қолдану үшін келген. Әңгіменің барысында әйелдің күйеуі кенеттен үйден мылтық алып шығып, полиция қызметкеріне от отқан. Бір қызметкер оқ жарақатымен ауруханаға жеткізді", – делінген желідегі жазбада. 

Алматы облыстық полиция департаменті ақпаратты растады. Полицияның мәліметінше, оқиға 2024 жылдың 17 сәуірінде тіркелген.

"Алматы облысындағы елді мекендердің бірінде белгісіз біреу Еңбекшіқазақ ауданы бойынша учаскелік полиция инспекторына атыс қаруынан оқ атқан. Нәтижесінде полиция қызметкері қолынан оқ жарақатын алған. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді", – делінген полиция хабарламасында. 

Сондай-ақ ер адамның мас күйінде болғаны және тіркелген аңшы мылтығын пайдаланғаны анықталған. 

Талқылау