Батыс Қазақстан облысында ит бес жасар қызды талап өлтірді
Батыс Қазақстан облысында ит бес жасар қызды қауып өлтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Бәйтерек ауданы Трекин ауылында 9 шілде күні кешке қарай болды. Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, бес жасар қыз Ресейден отбасымен осында тұратын атасына қыдырып келген. Атасымен бірге далаға шөп шабуға барған кезде итке таланып қалған. Ит атасынікі екен.
Ауыл әкімі Мәлік Сейтов қайғылы оқиғаның орын алғанын растады. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, қыз оқиға орнында көз жұмды. Оның мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Талқылау
                            
                         
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
            
                    
                 
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен