Батыс Қазақстан облысында екі бүлдіршін құдыққа құлап, қаза болды
Батыс Қазақстан облысында екі кішкентай бүлдіршін құдыққа құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 11 тамыз күні Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округінде болған.
Өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, шамамен сағат 15:00-де қараусыз қалған 3 және 1 жасар екі бала жеке үйдің ауласындағы тереңдігі 3 метр суы бар құдыққа құлап кеткен.
Бүлдіршіндердің денесін сағат 18:30-да жергілікті тұрғындар шығарып алған.
БҚО-ның төтенше жағдайлар департаменті ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды өтінді.
Бұған дейін Алматыда үй өртеніп, екі адамның көз жұмғаны хабарланған.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген