Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс елдері ТМД арасында қақтығыстар туындатуға тырысуда – Путин

Владимир Путин ТМД елдерінің барлау органдарының басшыларымен кездесу кезінде Батыстың достастық кеңістігінде дей отырып, қақтығыстар тудыру жоспарларымен жұмыс істеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Кремль порталына сілтеме жасап.

Путин

"Біз Батыстың ТМД кеңістігінде жаңа қақтығыстар тудыратын сценарийлер әзірлеп жатқанын ұғып отырмыз. Бізде қақтығыс онсызда жеткілікті. Мұны Ресей мен Украина арасындағы және ТМД-ның кейбір басқа елдерінің шекарасында болып жатқан жағдайлардан-ақ көре аламыз. Әрине, мұның бәрі Кеңес Одағының ыдырауының салдары екені түсінікті. Бірақ тұрақсыздық қаупі әлі де артып келеді. Оның ішінде бүкіл Азия-Тынық мұхиты аймағының тұрақсыздану қаупі бар", - деді Путин.



Ол сондай-ақ Ресей мен Украина арасындағы және кейбір ТМД елдерінің шекараларындағы қақтығыстар КСРО-ның ыдырауының нәтижесі екенін айтып, ТМД шекарасындағы жағдайға назар аудару қажет екенін жеткізді.

Ресей президентінің пікірінше, Достастық елдері нақты және үйлесімді әрекет етіп, өзара қолдауды үнемі күшейтуі керек.

Талқылау