Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Батырымыз әлі-ақ ортамызға оралып, белестерді бағындырады": Боксшы Айдос Ербосынұлы комадан шықты

АҚШ-та жекпе-жек өткізіп, ауруханаға түскен Айдос Ербосынұлы комадан шықты. Бұл туралы боксшының командасы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айдос Ербосынұлы

Suleimen Promotions компаниясының өкілдері спортшының денсаулығына байланысты жаңа деректермен бөлісіп, жанкүйерлеріне алғыстарын жеткізді. 

"Құрметті қазақ елі және әлемнің түкпір-түкпірінен тілеулес болып, Айдос Ербосынұлының жағдайына алаңдаушылық білдірген барша жандар. Біз "Suleimen Promotions" ұжымы сіздерге осындай қиын кезде спортшымызды қолдағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Бүгінде төткүл дүние боксшының тағдырына алаңдаулы. Сол себепті жекелей немесе әлеуметтік желі арқылы да өз қолдауларын көрсетуде", – делінген Instagram-парақшадағы хабарламада.

Боксшының денсаулығы жақсара түскен. Бұған дейін Ербосынұлының комадан шыққанын айтқан еді.

"Қазір бізге спортшының карьерасынан бұрын, денсаулығы маңызды. Айдос біз үшін нағыз чемпион. Батырымыз әлі-ақ ортамызға оралып, бұдан да жоғары биік белестерді бағындыратына сенімдіміз", – деп қосты компания өкілдері. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) Миннеаполисте (АҚШ) өткен бокс кешінде өнер көрсеткен еді. Алайда жекпе-жектің 12-раундында нокаутқа түсіп, қарсыласына есе жіберген.

Талқылау