Батыр Жүкембаев кезекті жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев пен Иван Редкач жекпе-жегі алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Батыр Жүкембаев (22-1, 16 КО) 19 нокауты бар украиналық Иван Редкачқа қарсы жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, көз түйістірді. Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын боксшылар тиісті салмақты көрсетті. Жүкембаев пен Редкая АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өтетін бокс кешінде жекпе-жек өткізеді. “Жексұрын” (Ei terrible) лақап атымен танылған украиналық Иван Редкач (24-6-1, 19 КО) Жүкембаевтың мансабындағы ең қиын қарсыластардың бірі ретінде саналады.
Айта кетейік, Жүкембаев соңғы жекпе-жегінде франциялық Мохамед Мимунды (23-6, 4 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, WBA Continental North Americas белбеуін қорғап қалған еді.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар

