Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бастауыш сыныптарына жүктеме азаяды, жаңа пәндер пайда болады: Қазақстанда мектеп бағдарламаларына қандай өзгеріс енетіні белгілі болды

мектеп
Фото: pixabay.com

2026-2027 оқу жылынан Қазақстан мектептеріндегі оқу бағдарламаларында бірқатар жаңашылдық пайда болды. Оқу-ағарту министрлігі өзгерістер білім беру мазмұнын жаңартуға, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және оқу бағдарламасын қазіргі талаптарға бейімдеуге бағытталғанын мәлімдеді. Яғни теориялық білімнен гөрі өмірде қолданылатын білім мен дағдыларға дағдыланып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға басымдық беріледі. 

Ең басты жаңалықтардың бірі – жаңа пәндердің оқытылуы:

  • 5-7 сынып оқушылары үшін "Конституция негіздері";
  • 8-11 сыныптар үшін "Заң және тәртіп";
  • 5–11 сынып оқушылары үшін "Жеке қауіпсіздік".

Аталған курстар оқушылардың құқықтық сауатын арттыруға, қауіпсіздік талаптарын түсінуге және заң нормаларын құрметтеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Енді "Құқық негіздері" пәні таңдау бойынша оқытылатын курс емес, барлық білім алушылар үшін міндетті оқу бағдарламасына енгізіледі.

Бастауыш сыныптарына жүктеме азаяды

2026-2027 оқу жылы кезеңінде мектеп оқулықтарының құрылымы жаңартылады. Олар жаңартылған мемлекеттік стандартқа сәйкестендірілген. Оқулықтарда практикалық тапсырмалар көбейіп, оқу материалы оқушылардың жас ерекшелігіне бейімделеді. Ведомоствоның мәлімдеуінше, осыған дейінгі оқу материалдарында жүктеме өте ауыр болды. Сол себепті бастауыш сыныптарында ерекшеліктер болады, балаларға оңтайландырылады.

"Математика" пәнінің 1-4 сыныптарға арналған кей материалдардың көпшілігін алып тастады. Осылайша бұл мақсаттар жоғары сынып оқушыларына берілді.

"Өткенді қайталау" бөлімдері болады.

1 сынып оқушылары бейімделу кезеңінен өтеді. Себебі балалардың мектепке келгенде деңгейі әртүрлі болады. Бейімделу кезеңінің арқасында бала мектепке оңай бейімделіп, санауды, оқу-жазуды тезірек үйренбек.

Әліппе дейінгі сабақты 12 сағатқа ұзағырақ оқытады. Ал әліппені үйренуге 84 сағат бөлінеді.

Министрлік мәліметінше, жаңа оқу бағдарламаларында оқушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіруге, мәтінді талдау және түсіну дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар саны артады. Сонымен қатар білім беру мазмұны халықаралық оқыту тәжірибесіне сәйкестендірілген.

Жасанды интеллектті енгізеді

Тағы бір маңызды жаңалық – жасанды интеллект технологияларын мектептерге енгізу. Алғашқы кезеңде жоба 500 шағын жинақты мектепті қамтиды. Оқушылар заманауи цифрлық білім беру ресурстарына қол жеткізсе, мұғалімдер сабақ әзірлеу мен білімді бағалауға арналған интеллектуалды құралдарды пайдалана алады.

Оқу-ағарту министрлігі мұның бәрі мектептегі білім сапасын қазіргі заман талаптарына бейімдеу мақсатында жүзеге асырылғанын айтады.

Қырмызы Скендір
Сейсенбі, 21 Шілде, 2026 14:00